Қайырымдылық жасағысы келген танымал алматылық блогер оңбай алданып қалды
Жарияланған күні:
Алматылық 35 жастағы блогер Ақмола облысының тұрғынына көмек беріп, қайырымдылық жасаймын деп алданып қалды. Облыстық полиция департаменті бүгінде баланың еміне деп, блогерден көмек сұраған күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.
Басылымның мәліметінше, полицияға 35 жастағы Алматы қаласының тұрғыны шағымданған. Ол тәртіп сақшыларына Ақмола облысының тұрғыны хабарласып, блогер ретінде өзінен көмек сұрағанын айтқан. Әйел адам тіпті блогерге баланың еміне қаражат керек деп айтып, банк картасының нөмірін де жолдаған.
Алматылық блогер Instagram желісінде хабарландыру жариялап, ақша жиналғаннан кейін ғана өзінің алданып қалғанын білген.
Кейін белгілі болғандай, 35 жастағы блогерді Щучинск тұрғыны алдап кетен.
Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында күдікті ұсталып, оның баласының жоқ екендігі анықталды. Ол Щучинск қаласының 22 жастағы тұрғыны болып шықты.
Бүгінгі таңда аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу аяқталды.
Сондай-ақ ҚР ҚК 190-бабының 3-бөлігі “Алаяқтық” бойынша қылмыстық іс сотқа жіберілгендігі белгілі болды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2000940-qaiyrymdylyq-zasagysy-kelgen-tanymal-almatylyq-bloger-onbai-aldanyp-qaldy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.