Оқу – 20 тамыз: Оқу-ағарту министрлігі демалыстың қысқаруы туралы қауесеттерге жауап берді
Жарияланған күні:
Әлеуметтік желіде мектеп демалысының қысқаратындығы туралы ақпарат тарала бастады. Жазба авторларының айтуынша, оқу жылы 20 тамызда басталады. Оқу-ағарту министрлігі бұл қауесеттерді жоққа шығарды, деп жазады StopFake.kz.
Қазақстандықтардың елімізде оқу жылы ресми түрде 20 тамызда басталады деп жазуына қазіргі кезде қаралып жатқан жаңа нормативтік-құқықтық акті себепші екені айтылған.
Оқу-ағарту министрлі бұл ақпаратты жоққа шығарды.
"Мемлекеттік мектептерде демалыс, сондай-ақ оқу жылының басталу және аяқталу мерзімдері өзгермейді. Каникул кезеңі өзгеріссіз қалады, яғни оқу күндерінің саны көбеймейді, ал каникул кезеңі азаймайды. Қазақстандық оқушылар 175 күн оқиды. Каникулдар мен демалыс күндерінің жалпы ұзақтығы 190 күнді құрайды (кібісе жылды қоспағанда). Талқыланып жатқан құжаттың жобасы қамқоршылық кеңестердің келісімімен халықаралық және пилоттық мектептерге оқу жылының жалпы мерзімдерін реттеуге құқық береді", – деп жауап берді ведомстводан.
Министрлік бұған дейін аталған мектептердің өкілдері оқу мерзімі мен каникул кезеңін өз бетінше анықтауға мүмкіндік беруді қолдағандығын айтып өтті.
"Бұл ретте халықаралық және пилоттық мектептер (олардың саны өте аз) белгіленген оқу және каникул күндерімен (175 оқу және 190 демалыс күндері) шектеледі. Яғни, каникулды қысқарту туралы мәселе қаралып жатқан жоқ. Мемлекеттік мектептер үшін оқу және каникул мерзімдері бекітілген нормалар шеңберінде әрекет ететінін атап өткен жөн. Биылғы оқу жылы 1 қыркүйекте басталып, 31 мамырда аяқталады, содан кейін каникул басталады", – деп хабарлады Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2001252-oqu-20-tamyz-oqu-agartu-ministrligi-demalystyn-qysqaruy-turaly-qauesetterge-zauap-berdi/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.