jitsu gif branding logo appbranding logo app

Байқоңыр қаласында "Жұлдызды қала" облыстық жастар слеті өтті

Кездесу
Фото: gov.kz

Жуырда Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың тапсырмасына сәйкес Байқоңыр жастарын қолдауға бағытталған 2022-2025 жылдар аралығындағы кешенді іс-шаралар жоспары қабылданды.

Осы кешенді іс-шаралар жоспарына сәйкес облыстық қоғамдық даму басқармасына қарасты "Жастар ресурстық орталығы" мекемесінің ұйымдастыруымен Байқоңыр қаласында "Жұлдызды қала" облыстық жастар слеті өтті.

Слетке Қызылорда, Байқоңыр қаласының және барлық аудан жастары, ҚР Президентінің "Байқоңыр2 кешеніндегі арнаулы өкілінің қызметін қамтамасыз ету басқармасының бөлім басшысы Кушкимбаева Гулсара Әбдіқадырқызы, Байқоңыр қаласының әкімшілігі "Мәдениет, жастар саясаты, туризм және спорт" басқармасының басшысы Ким Жанар Нукатаевна қатысты.

Кездесу
Фото: gov.kz

Слет аясында жастар саясаты бағытындағы арнайы секциялық жұмыстар жүргізіліп, қатысушылар өзара тәжірибе алмасты. Аймақ жастарының қатысуымен слеттің пленарлы отырысы өткізіліп, Байқоңыр қаласының белсенді жастары арнайы алғыс хатпен марапатталды.

Мұнымен қоса, слетке жиналған жастар ғарыш айлағымен, айлақ мұражайымен және "Будущее Байконура" жастар орталығының жұмыстарымен танысты.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.