Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Биыл елімізден өзге мемлекеттерге қанша адам көшті

Опубликовано:

Әуежай. Көрнекі сурет
Әуежай. Көрнекі сурет: pixabay.com

2022 жылдағы қаңтар-қазан айларындағы Қазақстандағы демографиялық жағдай туралы соңғы мәліметтерді Ұлттық статистика бюросы ұсынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бюро ұсынған мәліметтерге сәйкес, 2022 жылдың 1 қарашасында елімізде 19,7 млн адам тұратын көрінеді. Оның ішінде қала халқы 12,2 млн адамды құраса, ауылда - 7,5 млн халықтың тұрақтағаны белгілі болды.

2022 жылдың алғашқы 11 айында ел халқының саны 212 мың адамға, яғни 1,1 пайызға өскен.

Қаңтардан қараша айына дейін Қазақстанда 333 мың нәресте дүниеге келген. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 11,4 пайызға төмен көрсеткіш болып отыр.

Сол сияқты өмірден өткен адамдар саны 112 мыңды құраған, бұл 2022 жылдың қаңтар-қазан айларымен салыстырғанда 27 пайызға аз көрсеткіш.

Бұдан бөлек Ұлттық бюро қаңтардан қараша айына дейін елге бірден 12 926 адам келгенін, ал Қазақстаннан басқа елдерге тұрақты тұру мақсатында 21 875 адам кеткенін мәлімдеді.

Осылайша көші-қон саласындағы айырмашылық 8 949 азаматты құраған.

"Негізгі көші-қон легі ТМД мемлекеттері арасында жүреді. ТМД елдерінен келгендердің үлесі 85 пайыз болса, елден өзге мемлекеттерге көшкен тұрғындар саны 84,4 пайызды құраған. Сол сияқты ел ішінде қоныс аударатын көшіп-қонушылар саны 3,2 пайызға ұлғайған", - деп жазылған хабарламада.

Ал өңіраралық қоныс аудару бойынша халық көші-қонының оң айырымы еліміздің 3 өңірінде байқалады. Олар: Алматы (30 388 адам), Астана (29 086 адам) және Шымкент (2  311 адам) қалалары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2001445-biyl-elimizden-ozge-memleketterge-qansa-azamat-kosti/

pixel