Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Боздақтардың бейнесі мәңгі есте қалады": Тоқаев желтоқсан құрбандарын еске алды

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Twitter-дегі парақшасында 1986 жылғы желтоқсан көтерілісін еске алды. Президент боздақтардың бейнесі мәңгілік есте қалатынын жеткізді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Төл тарихымызда өшпес із қалдырған Желтоқсан оқиғасына бүгін 36 жыл толды. Сол ызғарлы күндерде халқымыз қайсар рухы мен азаттыққа деген ұмтылысын паш еткен еді. Желтоқсан қаһармандарының ерлігі мен құрбан болған боздақтардың бейнесі жұртымыздың жадында мәңгі сақталады", - деп жазды президент.

Айта кетейік, кеше елімізде Тәуелсіздік күні аталып өтті. Осыған орай мемлекет басшысы Қазақстан халқын айтулы мерекемен құттықтап, "тәуелсіздікті көздің қарашығындай сақтауымыз керек" деген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2001882-bozdaqtardyn-beinesi-mangi-este-qalady-toqaev-zeltoqsan-qurbandaryn-eske-aldy/

pixel