Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бастапқы жарнасыз: "Отбасы банкі" Ұмай әйелдер ипотекасы бойынша тың ақпаратты бөлісті

Опубликовано:

Тұрғын үй кешені
Тұрғын үй кешені. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

"Отбасы банкі" дүйсенбі, 19 желтоқсаннан бастап Ұмай әйелдер ипотекасы бойынша 10 күндік жаңа жылдық акцияны бастады, деп хабарлайды банктің баспасөз қызметі Instagram-дағы ресми парақшасында.

Ресми хабарламада тек осы 10 күнде жаңа жылдық акция болатыны хабарланған.

"Ұмай әйелдер ипотекасы бойынша депозиттегі жинақсыз ипотека рәсімдеңіз. Ұсыныстың мерзімі шектеулі", – делінген банктің хабарламасында.

Бағдарламаның жаңа шарттары төмендегідей:

  • "Отбасы банкіндегі" депозитке бастапқы жарна салу міндетті емес (0 теңгеден бастап)
  • Несие мөлшерлемесі 13,2 пайыз, алдағы уақытта (тұрғын үй заемына ауысқан кезде) мөлшерлеме 3,5 пайызға дейін төмендейді.
  • Несие мерзімі 25 жылға дейін.

Сондай-ақ хабарламада тұрғын үйді Қазақстанның кез келген қаласынан сатып алуға болатыны айтылған.

Өтінімді ресми табысы бар 18 жастан асқан Қазақстанның барлық әйелдері бере алады.

"Өтінімді тек ONLINE бейнеқоңырау арқылы hcsbк.кz немесе otbasybank.кz сайтында беруге болады", – дейді "Отбасы банк" өкілдері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2002061-bastapqy-zarnasyz-otbasy-banki-umai-aielder-ipotekasy-boiynsa-tyn-aqparatty-bolisti/

pixel