Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Құқық шеңберінде қаралуға тиіс": Тоқаевтың баспасөз хатшысы Козачков ісіне қатысты пікір білдірді

Опубликовано:

Михаил Козачков
Михаил Козачков. Фото: Facebook / Михаил Козачков

Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай өз Facebook парақшасында Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына журналист Михаил Козачковқа ісіне қатысты үндеу келгенін жеткізді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына журналист Михаил Козачковқа қатысты жүргізіліп жатқан тергеу жұмыстарына орай бірқатар медиа қоғамдастық өкілі үндеу жолдады.

Осыған байланысты бұл іс Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тек құқық шеңберінде қаралуға тиіс екенін атап өту қажет. Бас прокуратура тергеудің заңдылығын қадағалауды қамтамасыз етуге және заңнамада белгіленген тәртіппен қажетті түсініктемелер беруге міндетті.

Қазақстан азаматы ретінде журналистің барлық заңды құқығы толық сақталуға тиіс", -деп жазды ол.

Айта кетейік, кеше қазақстандық журналист Михаила Козачковтың қамауға алынғаны белгілі болған еді.

Қаржылық мониторинг агенттігі таратқан мәліметке сәйкес, Михаил Козачков Коспаевтың ұйымдасқан қылмыстық тобына рейдерлік басып алулар жасауға көмектескен деп күдіктеліп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2002090-quqyq-senberinde-qaraluga-tiis-toqaevtyn-baspasoz-xatsysy-kozackov-isine-qatysty-pikir-bildirdi/

pixel