Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әділет министрлігі Respublica партиясын тіркеу туралы ақпаратты жоққа шығарды

Опубликовано:

Құжаттарды қарап отырған қызметкер
Құжаттарды қарап отырған қызметкер. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Әділет министрлігі Қанат Мусиннің Respublica саяси партиясын тіркеу туралы сөзіне түсініктеме берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, 2022 жылдың 24 қарашасында Respublica партиясының ұйымдастыру комитетіне саяси партияны құруға ниетті екені туралы хабарламаның жолданғаны жөнінде растау қағазы берілген.

"2022 жылдың 3 желтоқсанында Respublica саяси партиясын құру жөніндегі ұйымдастыру комитетінің қолға алуымен партияның құрылтай съезі болған. Қазіргі таңда әділет министрлігі партияны тіркеу үшін, ұйымдастыру комитетінің құжаттарды жіберуін күтіп отыр. Әділет министрлігі ақпараттық бұрмаланғандығына өкінеді және парламент кулуарында айтылған баспасөз хабарламасының толық әзірлебегендігіне кешірім сұрайды", — деп жауап берді әділет министрлігі баспасөз қызметі.

Айта кетейік, бұған дейін әділет министрі Қанат Мусин Қазақстанда жаңа партияның құрылғандығы туралы мәлімдеген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2002096-aqparatty-burmalau-adilet-ministrligi-respublica-partiyasyn-tirkeu-turaly-aqparatty-zoqqa-sygardy/

pixel