Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әйеліне оқ атып, ұлын ұрған: Қазақстанда тағы бір отбасы қайғылы жағдайға тап болды

Опубликовано:

Мылтық. Көрнекі сурет
Мылтық. Көрнекі сурет: pixabay.com

Ақмола облысында тұрғын әйеліне оқ атып, кейін ұлын соғып, өз-өзіне қол жұмсаған, деп хабарлайды ІІМ-нің ресми POLISIA.KZ ақпараттық-медиа порталы.

Басылымның мәліметінше, оқиға 14 желтоқсан күні, Ақмола облысы Есіл ауданындағы ауылдарының бірінде болған. Белгілі болғандай аудандық полиция бөліміне 60 жастағы ауыл тұрғыны басына оқ атып, өз-өзіне қол жұмсағаны туралы ақпарат келіп түскен.

Жедел-тергеу тобының алдын ала болжамына сәйкес, оқиға болған күні марқұм жұбайының бас аймағын жарақаттап, оны тоқтатпақ болған 20 жастағы ұлына дене жарақатын салған.

Ал ер адамның жұбайы, оқиға болған күні күйеуі екеуінің арасында ешқандай жанжал болмағанын жеткізген.

Сонымен бірге басылым оқиға жайлы полицияға марқұмның көршісі хабар бергенін айтады. Айтуларынша, ол қайғылы оқиғаның куәгері болған.

Бұған қоса, тәртіп сақшылары полиция оқиға орнына келгенге дейін ер адам өз-өзіне қол жұмсап, басына оқ атқанын хабарлайды.

Қазіргі таңда аталған фактілер Қазақстан Республикасы ҚК-нің ҚК 24-бабы 3-бөлігі – 99-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелген.

Сондай-ақ тергеп-тексеру барысында, марқұм оқ атқан тегіс ұңғылы аңшылық мылтық ІІО-да тіркелгені анықталды.

Бүгінде қылмыстық істі тергеу жалғасып, полицейлер ер адамды осы шарасыз қадамға итермелеген себептерді анықтап жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2002135-aieline-oq-atyp-ulyn-urgan-qazaqstanda-tagy-bir-otbasy-qaigyly-zagdaiga-tap-boldy/