Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Маңғыстаудағы аққулар өліміне қатысты экология министрі түсініктеме берді

Опубликовано:

Өлі аққу
Өлі аққу. Фото: instagram.com/azamat_sarsenbayev

Маңғыстау облысындағы Қаракөл көлінде өлі аққулардың денесі табылды. Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі жағдайға қатысты түсініктеме беріп, құстардың суықтан өлуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Блогер Азамат Сәрсенбаев Маңғыстау облысындағы көлде өлген аққулардың жатқанын хабарлады.

"Бұл жағдайдың ауқымы алаңдатады, құстың жүздеген өлексесі Қаракөл көлінің бүкіл жағалауында шашылып жатыр. Ең қызығы, мен бұл көлде аққулардан басқа құстардың өлексесін таппадым. Олар аққуларға қарағанда әлдеқайда көп. Табиғи сұрыпталу дейін десек, шығын тым көп", - деп жазды автор.

Экология министрлігінің баспасөз қызметі NUR.KZ тілшісіне бұл фактіні тексеруге олардың қызметкерлері, Үстірт мемлекеттік табиғи қорығының өкілдері, экология, ветеринария және ауыл шаруашылығы басқармасының мамандары келгенін айтты. Маңғыстау облысы, "МАЭК-Қазатомөнеркәсіп" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің экологтары құстар өлген жерге барды.

Министрліктің мәліметінше, мамандар 10 аққудың өлексесін тапқан. Олар Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енбеген құс түріне жатады.

"Алдын ала болжам бойынша, өлген аққулар қыстан аман шығу үшін қажетті майды жинап үлгермеген 1 жылдық құстар. Маңғыстау облысында 1 желтоқсаннан бастап ауа температурасы -15 градусқа дейін төмендеді. Каспий теңізі мен Қаракөл жағалауы ішінара мұз басып қалды", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Құстардың өлу себебін анықтау үшін су үлгісі мен аққулардың өлекселері алынды.

Мәліметтер бойынша, Қаракөл көлінде 10 мың құсқа дейін қыстайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2002140-mangystaudagy-aqqular-olimine-qatysty-ekologiya-ministri-tusinikteme-berdi/

pixel