Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еліміздің үш облысында тауық жұмыртқасы 10-12 пайыз жоғары бағамен сатылған

Опубликовано:

Жұмыртқа
Жұмыртқа. Фото: pexels.com

Еліміздің үш өңірінде жұмыртқа бағасы заңсыз көтерілгені анықталды. Бұл туралы сауда және интеграция министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен кеңесте айтылды, деп хабарлайды "Астана" арнасы.

Арна мәліметінше, заңсыздық Ақмола, Батыс Қазақстан және Ұлытау облыстарында тіркелген.

Аталмыш өңірлерде жұмыртқа 25-тен 27 пайызға дейін үстеме бағамен сатылған.

"Астана" арнасының мәліметінше, әлеуметтік маңызы бар тауардың үстеме бағасы 15 пайыздан аспауы тиіс.

Сондықтан сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин жергілікті әкімдерге бағаны бақылауда ұстауда тиісті шаралар қабылдауы тиістігін ескертті.

Естеріңізге сала кетейік, қазақстандық жұмыртқа өнімдерін өндірушілерді қолдауға мемлекеттен 7,5 млрд теңге бөлінген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2002146-elimizdin-us-oblysynda-tauyq-zumyrtqasy-10-12-paiyz-zogary-bagamen-satylgan/

pixel