jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Әсел Дағжан
Әсел Дағжан
Бұрынғы қызметкер

Күндіз күн ашық, түнде қар жауады: сейсенбіде еліміздің мегаполистерінде қандай ауа райы болады

Түнгі қаладағы қар
Қар. Көрнекі фото: Рexels.com

Бүгін, 20 желтоқсанда Қазақстанның үш ірі қаласында салыстырмалы түрде жылы ауа райы сақталады. Дегенмен түнде Астанада, Алматы мен Шымкентте жауын-шашын болады. Мұндай деректер "Қазгидромет" РМК ресми сайтында берілген.

Астанада күндіз күн ашық болады, көшпелі бұлт шығады, бірақ түнде елордада аздаған қар жауады. Термометрлер -4...-6 градусты көрсетіп, түнде -11...-13 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с дейін баруы мүмкін.

Алматы тұрғындарын сейсенбі күні күндіз жылы ауа райы күтеді, яғни термометрлер бағаны +3...+5 градусты көрсетеді, жауын-шашынсыз. Түнде синоптиктердің болжауынша, қалада қар жауып, температура -1... -3 градус болады. Бұл жағдайда желдің жылдамдығы небәрі 0-5 м/с болмақ.

Шымкентте бүгін жауын-шашын жоқ, көшпелі бұлт шығады, ауа температурасы +8...+10 градус болады. Түнде еліміздің үшінші мегаполисінде қар аралас жаңбыр жауып, температура 0... -2 градус деңгейінде болады. Желдің жылдамдығы – 6-11 м/с.

Күндіз күн ашық, түнде қар жауады: сейсенбіде еліміздің мегаполистерінде қандай ауа райы болады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.