Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Энергетика министрі ЖЭО қызметкерлерінің орташа жалақысын айтты

Опубликовано:

Ақша
Көрнекі сурет: NUR.KZ / Петр Карандашов

Энергетика министрі Болат Ақшолақов үкімет отырысында ЖЭО қызметкерлерінің орташа жалақысын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Министрдің айтуынша, 2021 жылдың қорытындысы бойынша ЖЭО қызметкерлерінің орташа жалақысы 224 мың теңгені құраған.

"Қазақстандағы ЖЭО өндірістегі қызметкерлерінің орташа жалақысы 2021 жылы 224 100 теңгені құрады. Өздеріңіз білесіздер, ЖЭО шығыны жылу және электр энергиясы бойынша тағайындалады. ЖЭО-ның жылу энергиясы тарифтерінде еңбекақы төлеу қорының жыл сайынғы 5 пайыздық өсімі қарастырылады.

Энергетика министрлігі электр энергиясына шекті тарифтерді бекіткен кезде электр энергиясын өндіруге қатысқан қызметкерлер үшін жалақының 15 пайызға өсуін қарастырған болатын", - дейді министр.

Айта кетейік, үкімет басшысы Әлихан Смайылов бүгінгі үкімет отырысында елдегі жылу және электр энергиясы саласына қатысты бірқатар қордаланған мәселені ашып айтқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2002227-energetika-ministri-zeo-qyzmetkerlerinin-ortasa-zalaqysyn-aitty/