Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде қораптан табылған нәрестенің анасы анықталды

Опубликовано:

Нәресте
Нәресте. Көрнекі фото: pixabay.com

Ақтөбе қаласында қағаз қораптан табылған жаңа туған нәрестенің анасы анықталды, деп хабарлайды ІІМ-нің Telegram-дағы POLISIA.KZ жаңалықтар арнасы.

Айта кетейік, бұған дейін полиция Ақтөбе қаласындағы көпқабатты үйдің жанынан қағаз қораптан жаңа туған сәбидің денесі табылғанын, оның анасын іздестіру шаралары жүргізіліп жатқанын хабарлаған еді.

Құзырлы орган дерегінше, жедел-іздестіру іс-шаралары барысында нәрестенің анасы 29 жастағы күдікті анықталып, ұсталған.

Жауап алу барысында әйелдің одан бөлек кәмелетке толмаған тағы екі баласы бары анықталған.

Полиция сот-медициналық сараптама тағайындалғанын мәлім етті.

Еске сала кетейік, қазіргі таңда аталмыш фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 100-бабы ("Ананың жаңа туған баланы өлтіруі") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2002320-aqtobede-qoraptan-tabylgan-narestenin-anasy-anyqtaldy/

pixel