Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Із-түзсіз жоғалып кеткен 18 жастағы маңғыстаулық жігіт аман-есен табылды

Опубликовано:

Асқар
Табылған жігіт. Фото: Lada.kz

Маңғыстау облысында 2 желтоқсан күні үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған 18 жастағы жігіт табылды. Ол өзінің дін аман екенін хабарлаған, деп жазады Lada.kz.

Басылымның мәліметінше, Маңғыстау облысы Шетпе ауылының тұрғыны желтоқсан айының басында отбасылық кикілжіңнен кейін үйінен шығып кетіп, сол күйі оралмаған.

Жас жігітті іздеу жұмыстарымен құқық қорғау органдары және Lider еріктілер қозғалысының өкілдері айналысқан.

Олардың сөзінше, 20 күнге жуық хабар болмаған жігіт ақырында өзі байланысқа шығып, дін аман екенін хабарлаған. Ол іздеу тобына бейнеүндеу жолдаған.

Басылымның дерегінше, 18 жастағы жігіт отбасындағы ұрыстан кейін Алматыға кетіп қалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2002355-iz-tuzsiz-zogalyp-ketken-18-zastagy-mangystaulyq-zigit-aman-esen-tabyldy/

pixel