Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ШҚО-дағы ауылдардың біріне қойылған шырша желіде қызу талқыға түсті (фото)

Опубликовано:

шыршы
Көптің талқысына түскен шырша. Фото: Telegram/asshotobozhaet

Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданындағы ауылдардың біріне қойылған шырша желіде қызу талқыға түсті. Бұл суретке қатысты, жергілікті әкім пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"ШҚО-ның Ұлан ауданындағы шырша 2022 жылдың символына ұқсайды", - деп жазылған желідегі парақшалардың бірінде.

Желі қолданушылары аталған суретке қатысты түрлі пікір қалдырған.

"Жыл қандай болса, шырша да сондай", "Мерекенің жақындап келе жатқандығының белгісі", "Бұл үшін қанша қаражат бөлінді екен?", "Шырша да бәрінен шаршаған болар", - деп жазған олар.

ШҚО Ұлан ауданының әкімі Ренат Құрмамбаев желі қолданушыларының сынына қатысты пікір білдірді.

"Құрметті желі қолданушылары, шыршаны сатып алу мен қоюға ақша бөлінбеді. Бұл шыршаны қою барысындағы сурет, безендіру әлі толығымен аяқталмады, қазір жұмыс жүріп жатыр. Мерекелік көңіл-күй сыйлауға атсалысып жатқан адамдардың еңбегіне құрметпен қарауларыңызды сұраймын", - деп жазған ол.

Алайда кейін шыршаның алып тасталғаны және оның орнына басқа шырша қойылатыны белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2002422-sqo-dagy-auyldardyn-birine-qoiylgan-syrsa-zelide-qyzu-talqyga-tusti-foto/

pixel