Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда қаржы пирамидасы ісі бойынша вайнерлердің соты басталды

Опубликовано:

Мейіржан Төребаев
Мейіржан Төребаев. Фото: Instagram/meirzhach_tv

Алматыда қаржы пирамидасы ісі бойынша вайнер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязовқа қатысты сот процесі басталды. Бүгін бұл іске қатысты алғашқы сот отырысы өтті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Сот отырысы Алмалы аудандық сотында онлайн режимінде өтті. Сотталушылар орындығында барлығы 12 адам болды, олардың арасында вайнерлер Тұребаев пен Шерниязов бар.

Zoom қосымшасы арқылы сот отырысына барлығы 100 адам қатысты — бұл айыпталушылардың қорғаушылары мен туыстары, жәбірленушілер мен журналистер. Бұл сотқа қосылуға ниет білдіргендердің толық саны емес: қосымшаның шектеулеріне байланысты барлығы онлайн түрде қатыса алмады.

Осы себепті алдын ала сот отырысында адвокаттар отырысты оффлайн режимінде өткізу туралы өтініш берді.

Төребаев пен Шерниязов сияқты кейбір айыпталушылардың адвокаттары және кейбір айыпталушылардың өздері соттан бұлтартпау шарасын үйқамаққа өзгертуді сұрады.

Сотта алғашқылардың бірі болып Mudarabah Capital басшысы Руслан Бұрқанов сөз сөйледі. Ол барлық ақшаны қайтаратынын айтты. Сондай-ақ ол тағы бір сотталушы Алмас Құрманғалиевті бостандыққа шығармауды сұрады.

"Неге Дания Рахимова (сотталушы - ред. ескерт.), Шыңғыс Құрманғалиев қамауға алынбайды? Толық тергеуді сұраймын: негізгі қатысушылар жауапқа тартылмаған. 7 адам қамауда отыр — біз жарнама жасадық. Олар бізге назар аударды, өйткені бізде вайнерлер бар және олар туралы ғана айтады", — деді ол.

Бұрқанов жәбірленушілердің "жақында ақшасы болатынын" айтып, қосымша тергеу жүргізуді сұрады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2002504-almatyda-qarzy-piramidasy-isi-boiynsa-vainerlerdin-soty-bastaldy/

pixel