Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"66 091 адамда бар": Ұлттық статистика бюросы Қазақстанда ең жиі кездесетін 5 фамилияны атады

Опубликовано:

Көрнекі сурет
Қазақстан паспорты. Көрнекі сурет: NUR.KZ/Петр Карандашов

Ұлттық статистика бюросы Қазақстанда ең жиі кездесетін 5 фамилияны атады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Қазақстанда ең көп тараған фамилия – Ахметов(а). Ол 66 091 адамда кездеседі. Рейтингтегі екінші орында Серік — 45 193. Үшінші орында — Омаров(а) тегі. Елімізде бұл фамилия 40 322 адамда бар. Төртінші орында Оспанов(а) – 36 142. ТОП 5-ті Әлиев(а) тегі қортындылайды. Қазақстандағы Әлиевтердің саны – 35 387", - дейді статистика бюросының мамандары.

Сондай-ақ елімізде Ким – 34 811, Сүлейменов(а) – 29 988, Марат – 28 008, Амангелді – 27 297 және Болат – 24 542 тегі де жиі кездесетін болып шықты.

Айта кетейік, бұған дейін Ұлттық статистика бюросы Қазақстанда есімі тәуелсіздік ұғымымен байланысты, неше адам бар екенін айтқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2002631-66-091-adamda-bar-ulttyq-statistika-byurosy-qazaqstanda-en-zii-kezdesetin-5-familiyany-atady/

pixel