Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"2013 жылғы оқиға": Аққуды өлтірген ер адам анықталды

Жарияланған күні:

аққу
Аққу. Көрнекі фото: pixabay.com

Балық аулау кезінде аққуды өлтірген тұрғын анықталды. Оқиға 2013 жыл болған деп, хабарлайды ІІМ-нің Telegram-дағы POLISIA.KZ ресми жаңалықтар арнасы.

Ведомствоның мәліметінше, бұл жайт туралы осы күнге дейін полицияға ешкім хабарламаған яғни дерек тіркелмеген.

Биыл 22 желтоқсанда әлеуметтік желілерде тараған бейнежазбадан кейін Қызылорда облысының полиция департаменті жедел түрде тексеру жұмыстарын жүргізген.

Аталған дерек Қызылорда облысы Сырдария ауданының полиция бөлімінің "Ақпаратты есепке алу кітабына" кітабына тіркелген.

Нәтижесінде аққуды аулаған ер адам анықталып, полиция бөліміне жеткізілген. Ол 26 жастағы Қызылорда облысының тұрғыны болып шыққан.

Тексеріс кезінде аталған оқиғаның 2013 жылы балық аулау кезінде күріш каналының жағасында болғаны, сол жерде бейнежазбаға түсірілгендігі анықталған.

"Тексеру қорытындысына қарай оның іс-әрекетіне құқықтық баға беріліп, түпкілікті шешім шығарылады", - деп хабарлайды құзырлы орган.

Еске сала кетейік, бұған дейін әлеуметтік желіде өзеннен аққуға ұқсайтын құсты айырмен жаншып ұстап алған ер адамның видеосы тараған еді. Видеода кадр сыртындағы ер адам өздерінің "үйрек ұстап алғандарын" айтады.

Алайда желі қолданушылары ер адамның қолындағы құс аққу екенін, бұл жайттың Қызылорда облысында болғанын жазды. Кейін бейнежазбаға қатысты пікір білдірген Қызылорда облысының полиция департаменті тексеріс жұмыстарының жүріп жатқанын мәлім етті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2002712-2013-zylgy-oqiga-aqqudy-oltirgen-er-adam-anyqtaldy/