Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астана – Көкшетау жолы жабылды

Опубликовано:

Аяз
Аяз. Көрнекі фото: Рixabay.com

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Астана – Көкшетау жолы барлық көлік түрі үшін жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"ҚазАвтоЖол" ҰК баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ақпарат агенттігінің жазуынша, боран мен жол көрінуінің нашарлауына байланысты бүгін кешкі сағат 18:00-ден бастап Астана қаласынан Көкшетау қаласына дейін барлық көлік түрлері үшін қозғалыс шектелді.

Еске салайық, бұған дейін синоптиктер алдағы демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын ұсынған болатын.

Мамандар атлантикалық циклонның әсерінен еліміздің солтүстік және шығыс өңірлерінде қар жауып, бұрқасын болатынын және жел күшейетінін ескертті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2002861-astana-koksetau-zoly-zabyldy/

pixel