jitsu gif branding logo appbranding logo app

Синоптиктер жексенбі күні елімізде жел секундына 28 метрге дейін күшейетінін ескертті

Жел
Жел. Көрнекі сурет: Рixabay.com

Синоптиктер жексенбі, 25 желтоқсан күні Қазақстанның бірқатар аймақтарында дауылдық ескерту жариялады. Ол негізінен желдің күшеюімен байланысты. Ақпарат "Қазгидромет" РМК ресми сайтында жарияланған.

Мамандардың айтуынша, 25 желтоқсан күні Түркістан облысының оңтүстігінде және таулы аймақтарында тұман күтіледі. Облыстың солтүстігінде жел соғады, екпіні 15-20 м/с болмақ.

Жексенбі күні Қызылорда облысының орталығында секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғуы мүмкін.

25 желтоқсанда Қостанай облысының солтүстігінде де синоптиктер секундына 15-20 метр болатын жел соғады деп болжады.

Жексенбі күні мамандар Жетісу облысының солтүстік-шығысында секундына 15-20 метрлік жел соғатынын айтты, екпіні 23-28 м/с жетуі мүмкін.

25-26 желтоқсан күндері Жамбыл облысының оңтүстігінде және таулы аймақтарында тұман түсуі мүмкін. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында жел соғады, таулы аймақтарда желдің күші 15-20 м/с болады. Желдің екпіні 25 желтоқсанда күндіз және 26 желтоқсан түнде секундына 25 метрге дейін жетуі мүмкін.

Синоптиктер жексенбі күні елімізде жел секундына 28 метрге дейін күшейетінін ескертті

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.