Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда "7-20-25" ипотекалық бағдарламасы ресми түрде ұзартылды

Опубликовано:

Тиын салынған жинақ сандықша және қағаз ақша
Тиын салынған жинақ сандықша және қағаз ақша. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Елімізде "7-20-25" ипотекалық бағдарламасын ұзарту туралы шешім қабылданды. Осылайша, қазақстандықтар жеңілдетілген шарттармен баспана сатып алу мүмкіндігінен айырылмайды. Жаңартылған ипотеканың қалай жұмыс істейтінін KAZ.NUR.KZ тілшілері біліп қайтты.

Ұлттық банктің сайтындағы ақпаратқа сай, 22 желтоқсандағы жағдай бойынша "7-20-25" тұрғын үй бағдарламасы бойынша 852,2 млрд теңгеге 64 146 жеңілдетілген несие берілген. Осылайша, 1 триллион теңге лимиті әлі таусылған жоқ.

Алайда, осыған қарамастан, бағдарламаның мерзімін ұзарту және оны жүзеге асыруға қосымша қаражат бөлу туралы шешім қабылданған. Ұлттық банктің тиісті қаулысы жарияланды.

2023 жылы бағдарлама аясында несиелендіруге 100 млрд теңгеге дейін қаражат бөлу жоспарлануда. Одан кейінгі жылдары жылдық несиелеудің нақты көлемі банктердің нарықтағы ипотекалық өнімдерінің болуына және дамуына байланысты болады.

"7-20-25" бағдарламасының шарттары

Жалпы, бағдарламаға түбегейлі өзгерістер енгізілген жоқ. Оған қатысудың негізгі шарттары да өзгеріссіз қалды:

  • қарыз алушының жеке баспанасы болмауы керек;
  • тек бастапқы тұрғынүйді сатып алуға болады;
  • сыйақы мөлшерлемесі – 7 пайыз;
  • бастапқы жарна – 20 пайыз;
  • несие мерзімі – 25 жылға дейін;

Бұл ретте сатып алынатын тұрғын үйдің ең жоғары құны өңірге байланысты айтарлықтай өзгеруі мүмкін:

  • 25 миллион теңге – Алматы, Астана, Шымкент, Ақтау және Атырау қалалары үшін;
  • 20 млн теңге – Қарағанды ​​мен Түркістанға;
  • 15 млн теңге – басқа аймақтарға.

Дегенмен, бағдарламаның жаңа шарты да бар. Ұлттық банктің пікірінше, бұл жаңа шарт жеңілдетілген несиемен азаматтардың көп бөлігін қамтуға мүмкіндік бермек. Бағдарламаға бір адам бір рет қана қатыса алады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2003010-qazaqstanda-7-20-25-ipotekalyq-bagdarlamasy-resmi-turde-uzartyldy/

pixel