Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Инновациялық жоба жеңімпаздарына университет гранты табысталды

Опубликовано:

Жеңімпаздар
Фото: Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы

Қызылорда облысы әкімінің қолдауымен ұйымдастырылған "InnoFest" Qyzylorda инновациялық идеялар фестивалі мәресіне жетті.

"InnoFest" Qyzylorda инновациялық идеялар фестивалі – талантты жастардың ІТ идеяларын жарыққа шығару, цифрлық саланы дамыту мақсатындағы маңызды шара.

Фестивальге облыс әкімінің орынбасары Нұрымбет Сақтағанов қатысып, аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаевтың құттықтауын жеткізіп, өңірде ІТ саласының дамуына үлес қосып жүрген жастарға әрдайым қолдау болатынын айтты.

Ауқымды шарада жобалары үздік деп танылған 3 қатысушы Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті грантына ие болды. Енді олар Ұлттық бірыңғай тестілеуден шекті балл жинаған жағдайда қалаған мамандығы бойынша тегін білім ала алады.

Жеңімпаздар
Фото: Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы

Жеңімпаздарға сертификатты Басқарма мүшесі – әлеуметтік және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректоры, іскерлік әкімшіліктендіру докторы Жандос Базартай табыстады.

Биыл байқауға 1700 жас ниет білдіріп, 200-ге жуық команда 3 бағыт бойынша өз жобаларын қорғады. Жастар ұйқы тежегіш көзілдірік, күн сәулесімен жүретін жол талғамайтын көлік, смарт үй, ақылды қоқыс жәшігі мен дрондар арасындағы махаббат сынды барлығы 50-ден аса жоба ұсынды.

Қатысушылар "SmartCity", "Контент&Медиа", "Кино&видео" бағыттары бойынша инновациялық жобалар дайындады.

Жеңімпаздар
Фото: Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы

Фестиваль аясында 6 жоба үздік деп танылды. Оларға жалпы жүлде қоры 3 млн теңгені құрайтын қаржылай сыйақылар үлестірілді.

Айта кету керек, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінде ІТ саланы игеремін, бизнес бастаймын деген жастар үшін кәсіпкерлік орталығы жұмыс істейді.

Осы кезге дейін университет қабырғасында кәсіпкерлікті дамыту бағыты бойынша "Startup Bolashak. Menin armanym" жобасы, "Zhas project" бағдарламасы, "HackDay" және "Smart city Kyzylorda" хакатондары ұйымдастырылды.

Сонымен қатар облыс көлеміндегі "Smart city Hackathon", "PechaKucha Night Kyzylorda", "Startup roadshow", "Enactus Kazakhstan roadshow", "Startup Talapker incubation", "SLL workshop", "SocInn startup", "NoCodeDay", "Open Speech Kyzylorda" бағдарламалары мен іс-шаралары өткізілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2003021-innovaciyalyq-zoba-zenimpazdaryna-universitet-granty-tabystaldy/