Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Палатаға ауыстырылды": Ақтөбеде жол апатына түскен оқушылардың қазіргі жағдайы белгілі болды

Опубликовано:

Ақтөбеде жол апаты
Ақтөбеде жол апаты. Фото: t.me/POLICE_of_KZ

Ақтөбедегі жол апатынан соң жансақтау бөліміне түскен балалардың барлығы есін жиды. Дегенмен жаттықтырушы әлі күнге дейін ес-түзсіз жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақтөбеде 17 желтоқсан күні Темір ауданы Шұбарқұдық елдімекенінен облыс орталығына волейболдан жарысқа бет алған автокөлік аударылып, көлікте отырған тоғыз бала мен екі ересек адам зардап шеккен болатын. Салдарынан 12 жастағы бір оқушы оқиға орнында көз жұмып, қалған сегіз бала облыстық балалар ауруханасында жатқаны хабарланған.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы жол апатынан зардап шеккен балалар мен жаттықтырушының жағдайы туралы хабарлады.

"Облыстық балалар ауруханасына 8 бала түсті. Оның екеуі қазіргі кезде ем қабылдап, үйіне жіберілді. Ал 6 бала ем қабылдап жатыр. Біреуі хирургия, бесеуі травматология бөлімінде.
Бәрі де жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырылды. Ал Жедел медициналық жәрдем ауруханасында жатқан жаттықтырушының жағдайы қалыпты ауыр. Ол әлі де есін жимады", - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рүстем Исаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2003049-palataga-auystyryldy-aqtobede-zol-apatyna-tusken-oqusylardyn-qazirgi-zagdaiy-belgili-boldy/

pixel