jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

"Бұрынғы күйеуі өртеп жібергісі келген": Алматыда жанып жатқан дүкеннен әйелді кім құтқарды (фото)

Оқиға орны
Оқиға орны. Видеодан кадр: instagram.com/nemolchikz_official

Алматылық Бауыржан Әуелбеков 21 желтоқсанда Алатау ауданында өртке оранған дүкеннен 42 жастағы сатушы әйелді құтқарып қалған. Оның ерлігі туралы журналистерге НеМолчи.KZ қоғамдық қорының жетекшісі Дина Таңсәрі айтып берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Қоғам белсендісі оқыс оқиға кезінде ерлік танытқан 40 жастағы Алматы тұрғыны Бауыржан Әуелбековке алғыс айтады.

"Бұл кісі 2022 жылдың 21 желтоқсанында ерлік жасады. Ол жанып жатқан дүкеннен өртке оранған әйелді алып шықты. Бауыржанға шексіз алғыс айтамыз, сіздің ерлігіңіздің арқасында ол аман қалды", - дейді Дина Таңсәрі.

Бауыржан Әуелбеков
Бауыржан Әуелбеков. Фото: Дина Таңсәрінің жеке мұрағатынан

Дина Таңсәрінің сөзінше, оқиға кезінде Бауыржан Әуелбеков те зардап шеккен. Қоғамдық қор өкілі Бауыржанның отқа күйген шашы мен екі қолының суретін де көрсетті.

"Оның шашы қалай күйген! Екі қолын да күйік шалған. Сол бетімен ол әйелді жақын жерде орналасқан емханаға дейін көтеріп апарған. Өрттен зардап шеккен әйелді жаяу апара жатқанда, құлаған. Қазір тізесі жарақаттанып, ақсаңдап жүр", - дейді Дина Таңсәрі.

Қалалық қоғамдық денсаулық басқармасы зардап шеккен ер адамның басын, екі алақаны мен аяғын күйік шалғанын растады. Қазір оның денсаулық жағдайы орташа.

Еске сала кетейік, бұған дейін НеМолчи.kz қорының жетекшісі Дина Таңсәрі журналистерге Алматыда бес-алты күн бұрын болған жантүршігерлік оқиғаны баяндаған болатын.

Оның сөзінше, алматылық әйелді бұрын бірге тұрған ер адам үстіне жанармай құйып өртеп жібергісі келген. Қазір ауыр жарақат алған 42 жастағы әйел ауруханада жатыр.

"Бұрынғы күйеуі өртеп жібергісі келген": Алматыда жанып жатқан дүкеннен әйелді кім құтқарды (фото)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.