Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жұмыс істеп жатырмыз": БҚДА Жаңа жыл алдындағы азық-түлік бағасын ұстап тұру жайлы айтты

Опубликовано:

Дүкендер желісі
Дүкендегі тұтынушы әжей. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Рустам Ахметов ОКҚ брифингінде Жаңа жыл қарсаңында азық-түлік бағасын ұстап тұру қаншалықты шынайы екенін айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Мәселені журналистер көтерді. Олар жаңа жыл алдында азық-түлік бағасын ұстап тұру және олардың бағасының одан әрі өсуіне жол бермеу қаншалықты шынайы екенін сұрады.

"Иә, шынымен. Премьер-министрдің жыл соңына дейін 20 пайыздан аспауға тиіс деген тапсырмасы бар. Яғни, қазір бізде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдеріне шамамен 19,6 пайыз өсім бар. Ол жаңа жылдық кезеңге дейін азық-түлік бағасының күрт өсуіне жол бермеу міндетін қойды. Біз қазір бұл міндетпен жұмыс істеп жатырмыз", – деді Рустам Ахметов.

Оның айтуынша, азық-түлік бағасының өсуі бірқатар факторларды қамтиды.

"Экономикалық алғышарттар бар, нарық қатысушыларының заңсыз әрекеттеріне байланысты да алғышарттар бар. Егер сауда үстемесі 15 пайыздан асатын болса, онда әкімдікке жүгіну қажет – олар әкімшілік істерді қозғауға және жауапкершілікке тартуға құзыретті. Бірақ бұл үшін сіз өнім өндірушінің немесе жеткізушінің бағасын білуіңіз керек. Өкінішке қарай, халық бұл туралы білмейді", – деп қосты спикер.

Оның айтуынша, заңда, егер нарыққа қатысушылар сөз байласып, бағаны көтерсе, монополияға қарсы тергеу жүргізу көзделеді.

"Егер тұтынушының қолында осы мәліметтер болса, онда ол БҚДА-не жүгіне алады", – деп түйіндеді Рустам Ахметов.

Еске салсақ, бұған дейін премьер-министр Әлихан Смайылов Жаңа жыл қарсаңында азық-түлік бағасын тұрақтандыруды тапсырған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2003255-zumys-istep-zatyrmyz-bqda-zana-zyl-aldyndagy-azyq-tulik-bagasyn-ustap-turu-zaily-aitty/

pixel