Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте үшем дүниеге келді

Жарияланған күні:

Үшемді өмірге әкелген шымкенттік ана
Жазира Көшербаева. Фото: Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасы

Шымкенттің 38 жастағы тұрғыны үшемді дүниеге әкеліп, көпбалалы ана атанды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, үшінші мегаполистің 38 жастағы тұрғыны Жазира Көшербаева үшемді дүниеге әкеп, көпбалалы ана атанды. Бұған дейін отбасының бір баласы болған.

Мерзімінен бұрын туылған үшем бір айдан аса қалалық перинаталдық орталықтағы дәрігерлердің медициналық бақылауында болған.

Басқарма мамандары 1984 жылғы Жазира Көшербаева жүктіліктің 32 аптасында перинаталдық орталыққа жеткізілгенін айтты. 21-қараша күні дәрігерлер жүкті әйелді кесір тілігі арқылы босандырып алған.

"Үшемнің әрқайсысы 1480гр, 1380 гр, 1175 гр салмақпен дүниеге келді. Үшемге перинаталды орталықтың неонатологтары жиырма бес күн қарап, медициналық көмек көрсетті. Асылбек, Әмина, Медина есімді сәбилердің қазіргі жағдайы қалыпты", – деп мәлімдеді Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Денсаулық жағдайы жақсарған үшем мен анасын перзентханадағы дәрігерлер үйіне сән-салтанатпен шығарып салды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2003259-symkentte-usem-duniege-keldi/