Түркістан облысында да үшем дүниеге келді
Жарияланған күні:
Түркістан облысының №2 перинаталдық орталығында 33 жастағы келіншек үшемді дүниеге әкелді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Түркістан облыстық әкімдігінің хабарлауынша, үшемнің анасы Халметова Шахла Пахритдинқызы - Сайрам ауданының тұрғыны. Өмірге келген нәрестелердің екеуі қыз, біреуі ұл бала. Үшемге Шукрона, Ифара және Юсуф деген есімдер қойылған.
"Мерзіміне жетпей толғағы басталғандықтан білікті дәрігерлердің қатысуымен әйелге жедел ота сәтті жасалды. Нәрестелер салмағы 2150 гр, 2100 гр және 2210 граммен өмірге келді. Мерзімінен ерте туылған үшемдер перинаталдық орталық дәрігерлерінің бақылауына алынған. Қазір анасы мен жаңа туған үшемнің жағдайы жақсы. Медицина қызметкерлерінің көмегімен балалардың жағдайы тұрақты, үшемдер перзентханадан шығуға дайын", – деп мәлімдеді Түркістан облыстық әкімдігінің баспасөз қызметі.
Еске салсақ, бұған дейін Шымкентте бір баласы бар ана өмірге үшемді әкеп, көпбалалы ана атанған болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2003281-turkistan-oblysynda-da-usem-duniege-keldi/