Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жақын арада Алматыда жер сілкінісі қайталануы мүмкін бе: Сейсмология институты жауап берді

Жарияланған күні:

Шығатын есік
Апатты жағдайда сыртқа шығатын есікті көрсететін белгі. Көрнекі фото: pixabay.com

Кеше, 28 желтоқсанда Алматы уақыты бойынша 23:17 минут шамасында жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан 261 шақырым жерде орналасқан болса да, қала тұрғындары түнімен үрейленіп шыққанын айтуда. Осы орайда KAZ.NUR.KZ тілшісі Сейсмология институты мамандарынан болашақта мұндай жер сілкінісінің қайталануы қаншалықты мүмкін екенін сұрап білді.

Тақырып бойынша жаңа жарияланым:
Қостанай тұрғындары қаладағы саяжайды сүруге қарсы шықты

Портал тілшісінің сауалына ТЖМ Сейсмология институты жер қыртысының флюидті режимі зертханасының меңгерушісі Елизавета Есенжігітова жауап берді.

Ғалымның айтуынша, 28 желтоқсанда алматылықтар сезген жер сілкінісінің энергетикалық класы 13,4-ті құраған. Ол Алматы, Алматы облысы бойынша 2-3 балл түрінде сезілген.

"Бұл жер сілкіністері сол аймаққа тән болып саналады. Сейсмология тілінде айтқанда бұл - фондық құбылыс. Себебі бұл аудан өте сейсмикалық қауіпті аймаққа жатады. Мұндай жер сілкінісі бұл аймақта бұрын да болған және болашақта да болады деп күтілуде. Сейсмология институты мұндай жер сілкіністеріне болжам бермейді, себебі айтып өткендей, бұл сол ауданға тән жер сілкінісі. Ол күніне бірнеше рет болуы мүмкін.

Сейсмология институтының орта мерзімді болжамы бойынша, Қазақстан аумағында магнитудасы 5,5-ке тең немесе одан жоғары күшті жер сілкінісі жылдың соңына дейін болмайды деген болжам береді", - дейді Геология және минералогия ғылымының кандидаты Елизавета Есенжігітова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2003581-zaqyn-arada-almatyda-zer-silkinisi-qaitalanuy-mumkin-be-seismologiya-instituty-mamany-zauap-berdi/