jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Асанәлі Әшімов, Бибігүл Төлегенова және өзге де белгілі тұлғалар мемлекеттік стипендияға ие болды

Асанәлі Әшімов
Асанәлі Әшімов ортада. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылы мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияны беру туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорда ресми сайтында.

Мемлекеттік стипендия 31 әдебиет қайраткеріне, 37 өнер қайраткеріне тағайындалған.

Олардың арасында актер Асанәлі Әшімов, Тұңғышбай Жаманқұлов, актриса Меруерт Өтекешева, Самал Еслямова, әнші Бибігүл Төлегенова, Нүсіпжан Нұрғали, композитор Ілия Жақанов, ақын Айтқожа Марфуға, Күләш Ахметова, Ақұштап Бақтыгереева, Жүрсін Ерман, жазушы Дулат Исабеков, Төлен Әбдікұлы, Әкім Тарази, Смағұл Елубаев, Олжас Сүлейменов, мемлекет және қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбеков сынды белгілі тұлғалар бар.

2022 жылы мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендия берілген адамдардың толық тізімін мына сілтеме арқылы көруге болады.

Асанәлі Әшімов, Бибігүл Төлегенова және өзге де белгілі тұлғалар мемлекеттік стипендияға ие болды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.