Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде фермерлер уәде етілген миллиардтарды талап етіп, әкімдікке басып кірді

Жарияланған күні:

Әкімдіктегі фермерлер. Фото
Әкімдіктегі фермерлер. Фото: diapazon.kz

Ақтөбеде ондаған шаруа қожалығы басшылары облыс әкімдігінде жиналды. Олар жем алу мақсатында үлестірілетін миллиардтарды беруді талап етуде. Айтуларынша, шаруа қожалықтарына бөлінген 8,4 млрд теңгеден фермерлерге әлі 2,9 млрд теңге берілмей отырған көрінеді, деп хабарлайды "Диапазон" басылымы.

Басылымның хабаралуынша, фермерлер Ақтөбеге Темір, Мұғалжар, Әйтебе би, Ойыл, Байғанин және т.б. аудандардан келген. Олар ет шаруашылығымен айналысып, жылқы, сиыр және қой өсіретін көрінеді.

Белгілі болғандай, субсидия осымен үшінші жыл қатарынан беріліп отыр. Алайда оған кейбір фермелер қол жеткізе алмаған. Осылайша, шаруа қожалықтарының басшыларын облыстық әкімдікке келген. Фермерлермен кездесуге ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Исатай Еспағамбетов, өңірдегі облыс әкімінің орынбасарлары Гүлқасима Сүйентаева мен Бұлбұл Елеусінова шыққан.

"Ақшаны бәрі бірдей алған жоқ. Арпаның тоннасы қыркүйекте 70-75 мың теңге болса, қазір оның бағасы 95-100 мың теңге. Қалған шаруа қожалықтарына субсидия қашан беріледі және ол келесі жылы да беріле ме?" - деп сұрады Ақтөбенің фермер орталығы жетекшісі Марлен Баймағамбетов.

Жиынға келушілердің айтуынша, қаржыны осы жылдың мамыр айында бере бастаған. Десе де кейбір фермерлер оны әлі де күтуде.

Облыстық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Исатай Еспағамбетов биыл фермерлерге қаражат жылдағыдан ерте беріле бастағандығын, мәселен қыркүйекке жеткізбей, мамырда үлестірілгенін айтады.

"Қалған ақша да аударылады және міндетті түрде сіздерге беріледі. Субсидия беріле басталғалы бері, 2020 жылдан бастап облыстағы жылқы саны 30 пайызға, ірі қара саны 10 пайызға өсті. Сол сияқты қой саны да ұлғаюда. Бұған қоса ұрғашы малдың саны артуда.

Қазіргі таңда ауыл шаруашылығы министрі субсидияны беру ережелеріне өзгерістер енгізіп жатыр. Жемге арналған субсидия қалады, алайда оны жүзеге асыруда әр өңірдің ерекшеліктері мен қаржылық мүмкіндіктері ескерілетін болады", - деп түсіндірді облыстық әкімдік өкілі.

Ал Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Гүлқасима Сүйентаева жемді субсидиялауға қажет қосымша қаражат қазан айында бөлінгендігін әрі ол жыл соңына дейін фермерлерге берілетінін атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2003879-aqtobede-fermerler-uade-etilgen-milliardtardy-talap-etip-akimdikke-basyp-kirdi/