jitsu gif branding logo appbranding logo app

Қазақстандықтар 2023 жылы қанша күн демалады

Жаңа жылы
Көрнекі фото: pexels.com

2023 жылы ел тұрғындары 120 күн демалмақ. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Жылдық күнтізбе бойынша 365 күннің 245-і жұмыс күні болып саналып отыр. Бұл 5 күндік жұмыс аптасына байланысты есептелген.

Белгілі болғандай, ел тұрғындары қаңтар мен наурызда ең көп демалады ( 12 күн). Ал ақпан мен қарашада 8 күн.

Жыл ішіндегі демалыс күндерін былай бөліп көрсетуге болады:

  • Қаңтарда Жаңа жылға 3 күн - 1, 2 және 3 қаңтар;
  • наурызда 3 күн - 21, 22 және 23 наурыз;
  • сәуір мен мамырда Қазақстан халқының бірлігі күніне 3 күн - 29, 30 сәуір және 1 мамыр, сондай-ақ Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне 4 күн - 6, 7, 8 және 9 мамыр;
  • шілдеде жұмыс күні сенбіге ауыстырылатындықтан 4 күн демалыс болады - 6, 7, 8 және 9 шілде;
  • желтоқсанда Тәуелсіздік күніне 3 күн - 16, 17 және 18 желтоқсан. Себебі 16 сенбіге сәйкес келеді.
  • 2023 жылы Рождество мерекесіне қосымша демалыс берілмейді. Себебі діни мереке сенбіге немесе жексенбіге сәйкес келсе де, демалыс келесі күнге ауыспайды.
  • Құрбан айт 28 маусымда басталады.
Қазақстандықтар 2023 жылы қанша күн демалады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.