2023 жылы елімізден шетелге қандай әуе рейстерінің ашылатыны белгілі болды
Жарияланған күні:
![Фото Фото](https://cdn.nur.kz/images/1200x675/b6b78ecf59c9d346.jpeg)
2023 жылы елімізден шетелге бірқатар әуе рейстері ашылмақ. Бұл туралы Үкіметтің Telegram-каналы хабарлады.
Биыл Астанадан Дохаға, Ақтау мен Шымкенттен Анкараға, Алматы мен Ақтаудан Мединаға, көктемгі-жазғы навигация кезеңінде: Астанадан Бакуге және Шымкенттен Душанбеге, Алматыдан Карачи мен Лахорға рейстер ашылады.
Сонымен қатар Астана, Алматы, Ақтау, Түркістан және Атыраудан Стамбулға, Астана мен Алматыдан Антальяға, Алматыдан Баку, Тбилиси, Пхукет және Малеге Алматыдан Дели, Чэнду, Лондон, Бодрум, Батуми, Ираклион, Подгорицаға, Астанадан Тбилиси мен Подгорицаға рейстерді ұлғайту жоспарланып отыр.
Одан бөлек 2023 жылы Астана – Бішкек, Ақтау – Ереван, Алматы – Самарқан, Шымкент – Кутаиси бағыттары бойынша рейстер қайта ұша бастайды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2003924-2023-zyly-elimizden-setelge-qandai-aue-reisterinin-asylatyny-belgili-boldy/