jitsu gif branding logo appbranding logo app

Жауын-шашын, жел: сейсенбіде Қазақстан мегаполистері мен ел аумағында ауа райы қандай болады

талда отырған құс
Талда отырған құс. Көрнекі фото: pixabay.com

Синоптиктер 3 қаңтар, сейсенбіде Қазақстанның ірі үш қаласы мен ел аумағында ауа райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Қазгидромет" РМК-ның ресми сайтына сілтеме жасап.

Метеорологтардың мәліметінше, бүгін Циклон ойпаты мен атмосфералық фронттардың әсерінен республика бойынша қар, батыста, оңтүстік өңірлерде жауын-шашын (жаңбыр, қар түрінде) еліміздің басым бөлігінде тұман, көктайғақ, желдің күшеюі, бұрқасын күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының батысы мен оңтүстігінде, Абай, Қызылорда, Жамбыл, Қостанай облысының шығысында, Павлодар облысының батысы мен оңтүстігінде, Түркістан облысының  тау асуларында, түнде Ақмола облысының солтүстігі мен шығысында, Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, күндіз Қарағанды облысында, Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында желдің жылдамдығы 30 м/с-қа дейін жетуі мүмкін, кейде екпіні 30 м/с-тан асуы ықтимал.

Сондай-ақ синоптиктердің болжамынша, бүгін Астана қаласында көшпелі бұлт шығып, кей уақыттарда жауын-шашын (көбінесе қар), бұрқасын, күндіз көктайғақ күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, кейде 23 м/с. Түнде 5-7, күндіз 0° градус аяз.

Алматы қаласында да көшпелі бұлтты, күннің соңында жауын-шашын (жаңбыр, қар түрінде) күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 3-8 м/с. Түнде ауа температуасы -5-7 градусқа дейін төмендесе, күндіз 0,+2 градус жылы.

Шымкент қаласына да көшпелі бұлтты, таңертең және күндіз қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, күндіз 23 м/с-қа дейін жетуі мүмкін. Түнде 0,-2 градус аяз, күндіз 2-4 градус жылы болады.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.