Боранбаев елден қашуға әрекет жасағаны туралы ақпаратты жоққа шығарды
Жарияланған күні:
Астанада кәсіпкер Қайрат Боранбаевқа қатысты сот жалғасуда. Бүгін айыпталушы елден қашайын деп жатқанда ұсталды деген қауесетті жоққа шығарды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Тілшілердің мәліметінше, Қаржылық мониторинг агенттігі бұған дейін Боранбаевты шекара асып, кетіп бара жатқан жерінде ұстағанын хабарлаған. Олар осы ақпараттың қаншалықты рас екенін сұрады.
"Бұл шындыққа жанаспайтын ақпарат, себебі мен ол кезде кездесуде болдым, мені сағат 5-те қамауға алды, сол сәтте кездесулер өткізіп жатқан болатынмын. Менде кәдімгі жұмыс күні болатын. Иә, мен түнде ұшуды жоспарлап отырғанмын, алайда рейс түнгі сағат 2-де еді. Не себепті қашуым керек? Мен осында тудым, өстім, әкем осы жерде жерленген. Мұнда менің бизнесім бар. Мен қайда қаша аламын", - деп жауап берді бизнесмен.
Сондай-ақ ол тергеуге қатысты барлық құжаттар берілгенін мәлімдеді.
"Біз бір ай бұрын дайындалдық, мен Ригаға аттануым керек еді, себебі онда менің жобам бар болатын. Ұшуға дейін бір ай бұрын барлық құжат, бұйрық тапсырылған", - деді Қайрат Боранбаев.
Айта кетейік, бұған дейін Астанада Қайрат Боранбаевтың ісіне қатысты сот отырысы басталған еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2004086-ne-sebepti-qasuym-kerek-boranbaev-ozin-elden-qaspaq-boldy-degenderge-zauap-berdi/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.