Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанада Қайрат Боранбаевтың соты басталды

Опубликовано:

Қайрат Боранбаев
Қайрат Боранбаев. Фото: Оlympic.kz

Астанада белгілі кәсіпкер Қайрат Боранбаевқа қатысты сот отырысы өтіп жатыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Сарыарқа аудандық №2 сотында «АзияГазЧунджа» ЖШС қылмыстық эпизодына қатысты сот отырысы басталды. Сот ашық режимде өтуде.

Жуырда Қаржылық мониторинг агенттігі «АзияГазЧунджа» ЖШС құрылтайшылары Қайрат Боранбаев пен Роман Нахановқа және «Qazaq Gaz» АҚ Басқарма төрағасының бұрынғы орынбасары Таир Жанұзаққа қатысты істі тергеуді аяқтады. Оларға сұйытылған мұнай газын сатып алу кезінде 14,5 млрд теңге ұрлау және қылмыстық кірістерді заңдастыру фактілері бойынша айып тағылған.

Бизнесмен биылғы жылдың наурыз айында ұсталған еді.

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, ведомство қазіргі таңда квазимемлекеттік секторда аса ірі көлемде қаражат жымқыру фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. Аталған қылмысты жасады деген күдікпен Қайрат Боранбаев ұсталған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2003754-astanada-qairat-boranbaevtyn-soty-bastaldy/

pixel