Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Риддерде ЖЭО-да тағы да апат болды (видео)

Опубликовано:

Риддердегі ЖЭО. Фото
Риддердегі ЖЭО. Фото: Instagram/danial.akhmetov.official

Риддерде қалалық ЖЭО-да тағы апат орын алды. Бүгін онда багер насос станциясы су астында қалды, деп хабарлайды Шығыс Қазақстан облысы әкімі Даниал Ахметовтың Instagram парақшасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Риддер жылу электр орталығы басшылығының немқұрайлығынан багер станциясы қайтадан су астында қалды. Дәл осындай жағдай өткен жылдың 5 қарашасында болғаны мәлім.

Мердігер ұйымдардың күш-жігерімен біз мазутты сорып алып, барлық агрегаттардың жұмысын қалпына келтірдік. Алайда, ЖЭО басшылығының кінәсінен жағдай қайтадан қайталанды", - деп жазылған хабарламада.

Белгілі болғандай, қазіргі таңда багер станциясында апатты жою жұмыстары жүргізілуде. Обдыс әкімі бұл мақсатта 4 мотопомпалар, 4 суасты сорғылары іске қосылғандығын айтқан.

Сондай-ақ төтенше жағдай жөніндегі штаб 3-4 сағат ішінде апаттың салдары жойылатынын айтады.

"Риддер тұрғындарына айтарым - болған жағдай станцияның жұмысына әсер етпейді. Алаңдауға ешқандай себеп жоқ. Резервтік жабдық қосылған. Жылу электр орталығынан жылу беру кесте бойынша жүргізіледі. Штаб мамандары оқиғаның себептерін анықтау үстінде", -деп жазылған хабарламада.

Айда кетейік, бұған дейін Риддерде мазуттың сапасыз болуына байланысты ЖЭО-дағы жылу қазандықтары жұмысын тоқтатып, қалада ТЖ режимі енгізілген еді.

Осыған орай, ШҚО прокуратурасы Риддердегі ЖЭО басшылығына қатысты тексеру жұмыстарын бастаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2004165-ridderde-zeo-da-tagy-da-apat-boldy-video/

pixel