Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Риддерде жылу қазандықтары жұмысын тоқтатты: Ахметов тұрғындарға үндеу жасады

Опубликовано:

жылу
Көрнекі фото: pixabay.com

Риддердегі ЖЭО-да жылу қазандықтары жұмысын тоқтатты. Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов аталған жайтқа қатысты Instagram-дағы ресми парақшасында үндеу жасады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Әкімнің сөзінше, бұл мазуттың сапасыздығына байланысты туындаған жағдай.

"Риддер ЖЭО басшылығы мазуттың сапасын бақыламай, ол сумен араласып, нәтижесінде жылу станциясының қазандықтары уақытша тоқтады. Шұғыл түрде менің басшылығыммен жедел штаб құрылды", - деп жазды Даниал Ахметов.

Өңір басшысының айтуынша, қазір "Қазмырыш" ЖШС-нің Риддер қаласындағы қоймаларынан жылу станциясының жұмысын қалпына келтіру үшін ЖЭО-ға бірден 60 тонна мазут жіберілген.

"Өскемен ЖЭО қосымша арнайы машиналармен қалаға 70 тонна мазут жібереді. 4 сағаттан кейін отын жылу көзінде болады. 25 қазан түнгі сағат бірде қалаға тағы қосымша 6 цистерна мазут келеді.

Бұл отын көлемі жылу станциясының 100 күндік үздіксіз жұмысына жеткілікті. Облыс прокуратурасы Риддер ЖЭО басшылығының немқұрайлылық фактісі бойынша жедел тергеу бастады. Сондай-ақ, менің орынбасарым Е. Нұрбаев Риддер қаласында. Қала тұрғындарынан уайымдамауды және тыныштықты сақтауды сұраймын, жағдай менің жеке бақылауымда", - деп жазды ол.

Жақын арада ЖЭО қазандықтарын іске қосу алгоритмі әзірленіп, қала тұрғындарына ұсынылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1994142-ridderde-zylu-qazandyqtary-zumysyn-toqtatty-axmetov-turgyndarga-undeu-zasady/