jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Әсел Найман қызы
Әсел Найман қызы
Бұрынғы қызметкер

Қазақстанның солтүстігінде 40 градусқа дейін аяз күтілуде

Аяз
Аяз. Фото: pexels.com

Солтүстік Қазақстан облысының төтенше жағдайлар департаменті 9 қаңтардан бастап өңірде күн күрт суытуы ықтимал екенін хабарлады, деп жазады Петропавловск.news.

Өңірлік ТЖД басшысының орынбасары Дмитрий Растихиннің айтуынша, келесі дүйсенбіден бастап, Солтүстік Қазақстан облысының аудандарында ауа температурасы күрт төмендеп, кей жерлерде 40 градусқа дейін аяз болуы мүмкін.

Осыған орай, ведомство өкілдері тұрғындарды қатты отынмен жанатын пештерде қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырып отыр.

"Қатты аязда тұрғындар үйді жылыту үшін, үздіксіз пеш жағады. Салдарынан пеш қатты қызып, үйде өрт болуы мүмкін. Жеке секторда тұратын тұрғындардан үлкен өтініш, пешке абай болсаңыздар. Пешті қараусыз қалдырмаңыздар. Сондай-ақ кәмелет жасына толмаған балаларға пеш жағуды тапсырмаңыздар.

Ақауы бар пеште от жақпаңыз. Пештегі азғантай ғана жырақтың өзі қайғылы жағдайға әкеп соқтыруы мүмкін", - дейді Дмитрий Растихин.

Басылымның жазуынша, 2022-2023 жылдардығы жылыту маусымы басталғалы бері, өңірдің ТЖД қызметкерлері 38 мыңнан астам тұрғын үйді аралап шыққан. Әлеуметтік осал топқа жататын тұрғындардың үйіне түтін мен улы газ тараса дабыл қағатын 1,2 мыңнан астам датчик қойылған.

Айта кетейік, бұған дейін синоптиктер еліміздің басым бөлігінде ауа райының қолайсыздығына байланысты дауылдық ескерту жариялағанын хабарлаған едік.

Қазақстанның солтүстігінде 40 градусқа дейін аяз күтілуде

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.