jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Әсел Дағжан
Әсел Дағжан
Бұрынғы қызметкер

McDonald's Қазақстанда жұмыс істемейтін болды

McDonald's
McDonald's. Көрнекі фото: Рexels.com

McDonald's Қазақстандағы мейрамханалар желісінің жабылатынын ресми түрде мәлімдеді. Бұл жеткізілім шектеулеріне байланысты, деп хабарлайды компанияның ресми сайты.

Енді Food Solutions KZ басқаратын жылдам қызмет көрсететін мейрамханалар желісі жаңа атаумен жұмыс істемек.

Жақын арада мейрамханалардың ашылу күндері туралы хабарланатыны айтылған.

"Food Solutions KZ" ЖШС басқаратын жылдам қызмет көрсететін мейрамханалар желісі жеткізілім шектеулеріне байланысты Қазақстанда McDonald’s брендімен жұмысын тоқтатады. Компания жұмысының қайта жандануы және жылдам қызмет көрсететін мейрамханалардың жаңа атаумен ашылу мерзімі туралы жақын уақытта жарияланатын болады", – делінген ресми хабарламада.

Қазақстанда McDonald’s брендімен алғашқы мейрамхана 2016 жылы ашылды.

McDonald's Қазақстанда жұмыс істемейтін болды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.