jitsu gif

Шымбұлақтағы ығы-жығы жұрт: жағдайға курорт әкімшілігі түсініктеме берді

Шымбұлақ
Көрнекі фото: malim.kz

"Шымбұлақ" тау шаңғысы курортының әкімшілігі өткен демалыс күндері тауда байқалған үлкен кезекке қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Олар демалыс орнына келушілер саны артып келе жатқанын және өткен маусымда курортта миллионнан астам адам болғанын атап өтті. Сонымен қатар демалыс орнының баспасөз қызметі жаңа жылдық мерекелер кезінде, яғни 1-5 қаңтар аралығында келушілер санының артатынын хабарлады. Мерекелік демалыс күндері курортқа келушілер саны күніне 12 000 адамға дейін жетеді.

Әдеттегі демалыс күндері мұнда күніне 10 000 адам болады.

"Соңғы бірнеше жылда "Шымбұлақ" ТК қонақтарының белсенділігі мен келу сапасы пандемияға байланысты айтарлықтай өзгерді, бұл керісінше, ішкі туризмді дамытуға ынталандыру болды және қазақстандықтарды белсенді және салауатты өмір салтын ұстануға итермеледі.

Сұраныс қатты өзгерді, адамдардың жай ғана тауда болуға деген қызығушылығы жоғары. Негізінде адамдар таңертеңнен кешке дейін шаңғы тебуге емес, атмосфера үшін келеді, жаңа нәрсені көруге, тауға шығуға келеді”, – деді курорттың баспасөз қызметі.

Олар кезекте тұруды жүйелеу мақсатында шаралар қабылдағанын атап өтті. Мәселен, "Медеу" және "Шымбұлақ" базалық стансаларының пандусында қоршаулар мен "жылан" бейнесіндегі қоршаулар орнатылып және демалыс орнының радиосы арқылы қонақтарға хабар беріліп, кезекті ретке келтіруге барлық қызметтердің қызметкерлері жұмылдырылған. Ал 5 жасқа дейінгі балалары бар ата-аналарға кезексіз өтуге басымдық беріледі.

"Шаңғы тебуге арналған орындарды көбейту, еңістерді және мереке күндері кезектерді босату мақсатында 1 қаңтардан 5 қаңтарды қоса алғанда, негізінен жастар жүретін Талғар асуынан жарықтандырылған бағыт бойынша түнгі шаңғы тебу іске қосылды. Мереке күндері жаяу серуендеуге және шаңғы тебуге арналған аспалы жол сағат 8:00-ден 24:00-ге дейін жұмыс істейді", – деп хабарлады "Шымбұлақ" курортының баспасөз қызметі.

Еске салайық, 3 қаңтар күні "Шымбұлақ" тау шаңғысы курортында келушілердің ұзын-сонар кезегі, ығы-жығы жұрттың қарасы түсірілген видео тараған болатын.

Шымбұлақтағы ығы-жығы жұрт: жағдайға курорт әкімшілігі түсініктеме берді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.