"Аттың бойынан асады": Желіде қалың қардың астында қалған жылқының видеосы тарады (видео)
Жарияланған күні:
Желіде қалың қардың астында қалған жылқының видеосы тарады. Бейнежазба авторлары жылқының үстінен жүріп өткен қалың қар Абай ауданының Үржар ауданында жауғанын айтады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Желі қолданушыларының қызу талқысына түскен бейнежазба Instagram желісіндегі kris_p_brothers парақшасында пайда болған.
Жазба авторы онда: "4-5 қаңтар, Үржар. Қар қалың жауды", - деп жазған.
Бейнежазбадан ер адамның қардың тым қалың жауғанын, салдарынан жылқы қардың астында қалғанын анық естуге болады.
"Шығыс Қазақстан облысы, Үржан ауданы, Андреевка ауылы. Жылқы жоқ, қар жылқының бойынан асады, үстіндегі адам тіпті көрінбейді. Бәленбай метр қар", - деп таң қалған бейнежазба авторы.
Желі қолданушылары: "Не деген қалың қар, жылқыға обал болды-ау", "Жылқыны құтқара алдыңыздар ма?", "Шығыста қар жылда осылай қалың жауады, көктемде бірақ ерісе қиын болатын сияқты", "Қыстан аман-есен шығайықшы", "Жылқы малының үстінен жүріп өткен не деген қалың қар еді, абай болыңыздар", - деп жазған.
Айта кетейік, бұған дейін синоптиктер елімізде дауылдық ескерту жариялап, Қазақстанда әлі де қолайсыз ауа райы сақталатынын ескерткен болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2004507-attyn-boiynan-asady-zelide-qalyn-qardyn-astynda-qalgan-zylqynyn-videosy-tarady-video/