Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда Антикордың жалған құжатымен жүрген азамат ұсталды

Жарияланған күні:

Құжат
Құжат. Фото: t.me/antikornews

Алматыда Антикордың жалған құжатымен жүрген ер адам ұсталды. Бұл жайлы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Telegram арнасында хабарлады.

Агенттік мәліметінше, ағымдағы жылдың 6 қаңтарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің өзіндік қауіпсіздік департаменті өзін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қазіргі қызметкері ретінде таныстырған 1987 жылы туған азаматты ұстады.

"Құжаттарды тексеру барысында құқық бұзушы Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаменті қызметкерінің жалған қызметтік куәлігін көрсеткен.

Аталған азамат ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды", - деп хабарлады сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.

Айта кетейік, қазір тергеу жалғасуда.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайтынын мәлім етті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2004532-almatyda-antikordyn-zalgan-quzatymen-zurgen-azamat-ustaldy/