Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қаржылық мониторинг агенттігі Алматыдағы рейдерлік іс бойынша алты адамға іздеу жариялады (фото)

Жарияланған күні:

абақты
Абақты. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қаржылық мониторинг агенттігі Telegram-дағы ресми парақшасында рейдерлік әрекет жасады деген күдікке ілінген ұйымдасқан қылмыстық топтың 6 мүшесіне іздеу жарияланғанын хабарлады.

Агенттіктің мәліметінше, Елдос Қоспаевтың үйлестіруімен рейдерлік әрекет жасады деген күдікке ілінген алты адам, яғни Елдос пен Айдос Қоспаевтар, Ерлан Имашев, Руслан Шалин, Оксана Кудряшова және Алексей Кузнецов тергеуден жасырынып жүр.

ҚМА іздеу жариялаған күдіктілер
ҚМА іздеу жариялаған күдіктілер. Фото: Т.me/afm_rk

"Іздеудегі адамдардың қайда болуы мүмкін екендігі туралы ақпараты бар адамдарды ҚМА сенім телефонына хабарласуды сұраймыз. 8 (7172) 708-478, 8 (727) 279-29-56", – делінген ресми хабарламада.

Агенттік ақпарат бергені үшін сыйақы қарастырылғанын да айта кетті.

Сондай-ақ агенттік рейдерлік шабуылдар бойынша сотқа дейінгі тергеу және ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысы бар адамдарды анықтау жалғасып жатқанын атап өтті.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қаржылық мониторинг агенттігі ұйымдасқан қылмыстық топтың құрамында 11 адам болған, олардың бесеуі ұсталып, ал алтауына оның ішінде ұйымдастырушысы Елдос Қоспаевқа іздеу жарияланғанын хабарлаған еді.

Агенттіктің дерегінше, ұйымдасқан қылмыстық топ ұзақ уақыт бойы күш қолдану және қорқыту арқылы алматылық кәсіпкерлердің мүлкін, серіктестіктердегі үлестерін тартып алып, көлеңкелі кәсіпкерлікпен айналысты деген күдікке ілінген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2004616-qarzylyq-monitoring-agenttigi-alty-adamga-izdeu-zariyalady-foto/