Алдағы тәуліктерде Қазақстанда 43 градусқа дейін аяз болуы ықтимал
Жарияланған күні:
Синоптиктер алдағы күндері яғни 10-12 қаңтар аралығында ел аумағында 43 градусқа дейін аяз күтілетінін хабарлады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап хабарлайды.
Метеорологтардың мәліметінше, суық арктикалық ауамен толтырылған Солтүстік антициклоны Қазақстан аумағы арқылы оңтүстік өңірлерге қарай жылжуын жалғастыруда.
Осыған байланысты еліміздің көп бөлігінде қатты аяз сақталады. Мәселен алдағы тәуліктерде:
- батыста түнде 27-35 градусқа дейін, күндіз 15-25 градусқа дейін,
- республиканың оңтүстік-батысында түнде 12-23 градусқа дейін, күндіз 5-15 градусқа дейін,
- солтүстік-батыста және солтүстікте түнде 20-30 градусқа дейін, күндіз 13-22 градусқа дейін,
- орталық аймақтарда түнде 35-40 градусқа дейін,
- шығыста түнде 30-43 градусқа дейін, күндіз 23-33 градусқа дейін,
- оңтүстікте және оңтүстік-шығыста түнде 20-31 градусқа дейін, күндіз 12-23 градусқа дейін аяз күтілуде.
Сондай-ақ алдағы күндері оңтүстік пен оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қалың қар жаууы ықтимал.
Айта кетейік, бұған дейін алдағы күндері Алматы қаласында да 25 градусқа дейін аяз күтілетінін хабарлаған едік.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2004639-aldagy-taulikterde-qazaqstanda-43-gradusqa-deiin-ayaz-boluy-yqtimal/