jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Алдағы тәуліктерде Қазақстанда 43 градусқа дейін аяз болуы ықтимал

құс
Құс. Көрнекі фото: pixabay.com

Синоптиктер алдағы күндері яғни 10-12 қаңтар аралығында ел аумағында 43 градусқа дейін аяз күтілетінін хабарлады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Метеорологтардың мәліметінше, суық арктикалық ауамен толтырылған Солтүстік антициклоны Қазақстан аумағы арқылы оңтүстік өңірлерге қарай жылжуын жалғастыруда.

Осыған байланысты еліміздің көп бөлігінде қатты аяз сақталады. Мәселен алдағы тәуліктерде:

  • батыста түнде 27-35 градусқа дейін, күндіз 15-25 градусқа дейін,
  • республиканың оңтүстік-батысында түнде 12-23 градусқа дейін, күндіз 5-15 градусқа дейін,
  • солтүстік-батыста және солтүстікте түнде 20-30 градусқа дейін, күндіз 13-22 градусқа дейін,
  • орталық аймақтарда түнде 35-40 градусқа дейін,
  • шығыста түнде 30-43 градусқа дейін, күндіз 23-33 градусқа дейін,
  • оңтүстікте және оңтүстік-шығыста түнде 20-31 градусқа дейін, күндіз 12-23 градусқа дейін аяз күтілуде.

Сондай-ақ алдағы күндері оңтүстік пен оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қалың қар жаууы ықтимал.

Айта кетейік, бұған дейін алдағы күндері Алматы қаласында да 25 градусқа дейін аяз күтілетінін хабарлаған едік.

Алдағы тәуліктерде Қазақстанда 43 градусқа дейін аяз болуы ықтимал

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.