jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Әсел Дағжан
Әсел Дағжан
Бұрынғы қызметкер

Алдағы күндері Алматыда 25 градусқа дейін аяз күтілуде

аязды күн
Аязды күн. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алматыда алдағы күндері күн күрт суытады деп күтілуде, яғни осы аптаның соңына қарай қалада 25 градусқа дейін қатты аяз болуы мүмкін, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК ресми сайтында.

Синоптиктердің болжамынша, бүгін Алматыда күн жылы, алайда ертең, 10 қаңтардан бастап ауа температурасы -5...-10 градусқа дейін төмендейді.

Одан кейін аяз күшейеді: сәрсенбі, 11 қаңтарда түнде -13 ... -18 градусқа дейін, күндіз -10 ... -15 градусқа дейін суық болады.

12 және 13 қаңтар күндері түнде -20...-25 градусқа дейін, күндіз -13...-18 градусқа дейін аяз болуы ықтимал.

Сонымен қатар қалада жауын-шашын (қар, жаңбыр түрінде) тұман және көктайғақ күтіледі.

Ауа райы болжамы
Алматы қаласына арналған ауа райы болжамы. Скриншот: "Қазгидромет" РМК

Gismeteo порталының хабарлауынша, аяз келесі аптаның ортасына дейін болады. 18 қаңтардан бастап күн жыли бастайды.

Алдағы күндері Алматыда 25 градусқа дейін аяз күтілуде

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.