Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ҰҚК Антикор басшысының бұрынғы орынбасары Мақсат Қожабаевтың ұсталғаны туралы хабарлады

Опубликовано:

Мақсат Қожабаев. Фото
Мақсат Қожабаев. Фото: Шымкент қаласы прокуратурасының ресми сайты

Бүгін, 9 қаңтарда ҰҚК өкілдері Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бұрынғы басшысының орынбасары Мақсат Қожабаевты қамауға алғаны туралы мәлім болды. Бұл туралы ҰҚК ресми сайтында хабарланды.

"2023 жылдың 9 қаңтарында Ұлттық қауіпсіздік комитеті сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасады деген күдік бойынша сотқа дейінгі тергеу шеңберінде құқық қорғау органдарының бұрынғы аға қызметкері М.Қожабаевты ұстады", – делінген ҰҚК сайтында.

Сондай-ақ ресми сайтта тергеу мүддесі үшін аталған жайтқа қатысты басқа ақпарат жария етілмейтіні жазылған.

"Жедел-тергеу шаралары жалғасуда", -дейді ведомствоның баспасөз қызметі.

Айта кетейік, 2021 жылдың 2 шілдесінен бастап Мақсат Қожабаев ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі басшысының орынбасары болған. 2022 жылы 22 сәуірде ол президенттің жарлығымен бұл қызметтен босатылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2004671-uqk-antikordyn-buryngy-bassysynyn-orynbasary-maqsat-qozabaevtyn-ustalgany-turaly-xabarlady/

pixel