jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Әсел Найман қызы
Әсел Найман қызы
Бұрынғы қызметкер

Тұрсынбек Қабатов жаңа қызметке тағайындалды

Берік Уәли мен Тұрсынбек Қабатов. Фото
Берік Уәли мен Тұрсынбек Қабатов. Фото: Facebook/Берік Уәли

Тұрсынбек Қабатов "Хабар" агенттігінің креативті продюсері қызметіне тағайындалды. Бұл туралы өзінің Facebook парақшасында Берік Уәли хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Белгілі өнер қайраткері Тұрсынбек Қабатов бүгіннен бастап «Хабар» Агенттігі» АҚ-ның креативті продюсері ретінде қызметке кірісті. Бойындағы таланты мен тынымсыз еңбегінің арқасында халықтың ықыласына бөленген Тұрсынбек Аманғалиұлы қолға алған кез-келген жоба табысты болып жатады.

Ол әдемі қалжыңы арқылы қоғамдағы өзекті мәселелерді қозғап, әрдайым көпшіліктің көкейіндегі айтып жүретіні белгілі. Оның ішінде отандық телеарналардағы "Әзіл әлемі", "Көңілді тапқырлар алаңы" сияқты жобалары көрермен тарапынан үлкен сұранысқа ие...", - деп жазды "Хабар" телеарнасының басшысы Берік Уәли өз жазбасында.

Сонымен қатар танымал журналист әзілкештің жаңа жұмыс орнына сәттілік тіледі.

"Тұрсынбек Аманғалиұлы жаңа қызметінде көрерменнің көзайымына айналатын тың, қызықты жобаларды әзірлеумен және үйлестірумен айналысады. Әріптесімізге шығармашылық табыс тілейміз", - деп жазды ол.

Тұрсынбек Қабатов жаңа қызметке тағайындалды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.