Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанның ірі қалаларының бірінде бүгін 37 градус аяз күтіледі

Опубликовано:

құс
Құс. Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстанда ауа температурасы күрт төмендеуде. Синоптиктер Астанада сейсенбі күні аяз болады деп болжаса, Алматы мен Шымкентте қар жаууы ықтимал. Бұл туралы "Қазгидормет" РМК хабарлайды.

Астанада синоптиктер ауа райы ашық болады деп болжап отыр. Күндіз қалада -28…-30 градусқа дейін аяз болса, түнде сынап бағанасы -35…-37 градус аязға дейін жетуі мүмкін. Желдің жылдамдығы 2-7 м/с-ке дейін жетеді.

Алматыда қар жаууы ықтимал, күндіз ауа температурасы -4…-6 градус суықты көрсетсе, түнде мегаполисте -10…-12 градус аяз болады деп күтілуде. Желдің жылдамдығы 0-5 м/с.

Шымкент тұрғындарын бүгін көшпелі бұлт күтеді, кей жерлерде қар жаууы мүмкін. Күндіз термомерт көрсеткіштері -7…-9 градусты көрсетсе, түнде 18…20 градус аязға дейін көтерілуі мүмкін. Желдің жылдамдығы 8-13 м/с деңгейінде болады.

Айта кетейік, бұған дейін еліміздің басым бөлігінде ауа температурасы -43 градус аязға дейін көтерілетінін хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2004717-qazaqstannyn-iri-qalalarynyn-birinde-bugin-37-gradus-ayaz-kutiledi/